Мектеп формасы – бірыңғай талап пен сапалы білім кепілі. Заңнамалық нормаларға сәйкес, мектептегі білім беру процесі барлық оқушылар үшін бірыңғай талаптар негізінде жүзеге асырылады:
ҚР Конституциясы және заңнамалық негіздер:
ҚР Конституциясының 33-бабы азаматтардың қоғамдық өмірдегі құқықтарын бекітеді.
«Білім туралы» ҚР Заңының 49-бабына сәйкес, ата-аналар мен заңды өкілдер балаларының білім беру ұйымы белгілеген талаптарды, соның ішінде мектеп формасын сақтауын қамтамасыз етуге міндетті.
«Білім туралы» ҚР Заңының 47-бабы (15-1 тармағы) білім алушылардың белгіленген киім үлгісінде сабаққа қатысу міндетін айқындайды.
Мектеп формасына қойылатын талаптар:
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығына сәйкес:
Мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді.

